Шалқар ауылдық округінде Теректі аудандық балалар шығармашылық үйінің ұйытқы болуымен «Жарқын жүздесу» жобасы өтті.
Шараға Ақжайық, Абай, Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі мен Қоғалытүбек негізгі орта мектебінің оқушылары қатысты. Айта кетейік, лагерь демалушыларына арнап «Жасұлан» жазғы лагерінде ұйымдастырылған жүздесудің басты кейіпкері – жерлесіміз, жас ақын, әнші Әділ Ахметов.
Шара тізгінін Ақжайық жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Асылай Байтоқова қолға алып, Әділ Ерікқалиұлымен өнер, шығармашылық жайында әңгіме өрбітті. Суырып салма ақын домбырасын қолға алып, Шалқар ауылдық округіне және демалушыларға арнауын жолдады. Сонымен қатар «Жалғыз аққу», «Вокзал маңы» әндерін де әуелетіп, шара соңын өзінің авторлық әнімен түйіндеді. «Жасұлан» жазғы демалыс лагерінің меңгерушісі Самал Төлешова және аудандық балалар шығармашылық үйінің бұқаралық бөлімнің меңгерушісі Үміткер Орынғалиев бүгінгі шара кейіпкері Әділ Ахметовке жылы лебіздерін арнап, естелік сыйлық табыс етті.
Балнұр Қанаева,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz