2.06.2020, 16:59
Оқылды: 66

«Жасыл ел» бағдарламасы Казталов ауданында да жалғасын табады

«Жасыл ел» бағдарламасы жақсы бастама ретінде бүгінгі күнге дейін өз жалғасын тауып келеді. Қаншама студенттерiмiз бос уақытын тиiмдi өткiзе отырып, туған жерлеріне қызмет жасауда. Бiр жағынан елiмiздi гүлдендiруге, көгалдандыруға атсалысса, екiншiден әрбiр жас өзiнiң бос уақытын игі іске жаратып жатқаны қуанарлық жәйт.

24010749-E6C2-461D-B21D-012DBD4AE742

Жоғары оқу орындары мен колледждерде білім алып жатқан жастар жазғы демалыс кезінде «Жасыл ел» жастар жинағы құрамында еңбек етеді. Біздің ауданымызда да бағдарлама бойынша 80 сарбаз жұмысқа тартылмақ. Сарбаздар шілде мен тамыз айларында кезекпен жұмыс жасамақшы.

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова орталық саябақта «жасылелдіктермен» жүздесті. -Туған жерді түлету – сол жерде кіндік қаны тамған әр адамның борышы деп білеміз. Мұндағы сіздердің басты жұмыстарыңыз өсіп тұрған тал-теректерді күтімге алып, берілген тапсырмаларды мүлтіксіз орындау. Бастаған істеріңізді жауапкершілікпен атқарады деп сенеміз, - деді өз сөзінде. Еліміздің көркеюі мен гүлденуіне үлестерін қосып жүрген жігерлі де ынталы жастарымыздың еңбектері жемісті боларына сенеміз.

 Мәриям Рахим

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале