Студенттер мен жұмыссыз жастарды жұмыспен қамтып, жас ұрпақ арасында патриоттық сезім мен экологиялық тәрбиені насихаттайтын «Жасыл ел» жобасы ауданымызда биыл да жалғасын тапты.
-Осы жылы ауданға 16-34 жас аралығындағы жастарға республикалық «Жасыл ел» штабынан 125 квота бөлініп, оның 15-і игерілді. Маусым айында Переметный, Көшім және Мичурин ауылдық округтерінің әрқайсында бес бес жастан еңбектенуде. Екінші, үшінші лек жастары Январцев, Дариян, Щапов, Раздольный ауылдарын абаттандырумен айналысатын болады. Биыл да жастардың жұмыс істеуге ынтасы зор. Уақытында келіп, өздеріне берілген тапсырманы дер кезінде орындауда,- дейді аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының әдіскер маманы Гүлжайна Тынышбаева.
Еңбек жасақтары саябақтағы ағаштардың діңін әктеу, суару сынды көгалдандыру жұмыстарымен қатар белгіленген аумақтың қоқысын жинап, абаттандыру жұмысын атқаруда.
Нұрсәуле Әбілпейісова,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz