4.11.2021, 16:39
Оқылды: 54

Жат ағымның жетегіне ерме!

Сырым аудандық пробация қызметінің есебінде тұрғандармен аудандық ішкі саясат бөлімі, облыстық дін проблемаларын зерттеуші теолог маман кездесу өткізді.

30

Кездесу есептегілермен теолог маман арасында диалог түрінде өтті. Жазаны өтеушілер өз ойларын айтып, сауалдарына толыққанды жауап алды. Ал, намаз оқып жүрген азаматтарға дұрыс жолды насихаттау барысында әңгіме өрбіді.

-Дінтанушы-теолог маман ішкі тұрақтылық пен дәстүрлі рухани құндылықтарға баса назар аудару керектігіне тоқталып, теріс ағымның жетегінде кетпес үшін, кез-келген ақпаратты алуға тек ресми сайттарды пайдалану керектігі айтылды,-дейді Сырым аудандық пробация қызметінің инспекторы әділет кіші лейтенанты Ерік Зияхметов.

Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале