30.07.2024, 11:45
Оқылды: 18

«Жауқазын» би ансамблі халықаралық байқауда бас жүлде еншіледі

Орал қаласында «NURLY» өнер орталығының ұйымдастыруымен өткен халықаралық «NURLY FEST» көп жанрлы өнер байқауында сырымдық «Жауқазын» би ансамблі бас жүлдеге ие болды. Жеңімпаз би ұжымы Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласына тегін жолдама алды.

4FCD4868-9745-4029-9642-C150411A444D

Ерекше дарынмен көзге түсіп, оза шапқан жауқазындықтардың үлкен тобы «Ерке сұлулар» би композициясымен бас жүлдені еншілесе, «Шашу» қазақ биімен орта топ І орынды иеленді.

2A1C9FE5-7689-46F4-9BB8-F81828188C17

Үлгілі «Жауқазын» би ансамблінің жетекшісі Бахтыханым Жұмағалиева «Үздік жетекші» аталымымен марапатталды.

Шынар Молданиязова

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале