30.03.2021, 23:11
Оқылды: 35

Жазаларын өтеушілер назарда

Сырым ауданы әкімдігінде жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультациялық-кеңесші органның отырысы өтті.

AE46F11A-00F9-49E7-8D30-794D09139916

Отырысқа аудан әкімінің орынбасары А.Сарқұлов төрағалық етті. Отырыста күн тәртібіндегі мәселеге орай аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтармен 2021 жылдың 3 айында атқарылған жұмыстар туралы аудандық пробация қызметінің аға инспекторы Н.Иксанғалиев, аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға біржолғы әлеуметтік көмек тағайындау және жұмыспен қамту мәселелері туралы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының міндетін атқарушы А.Нұрпейсова хабарламалар жасады. Сондай-ақ ауылдық округ әкімдерінің аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған қоғамнан оқшаулауға байланысты емес сотталғандармен және бас бостандығынан айыру орындарынан жазасын өтеп келген азаматтармен атқарған жұмыстары туралы Бұлдырты, Шолақаңқаты, Жетікөл ауылдық округінің әкімдері Е.Мақашев, Е.Журалиев, А.Нұрмұхановтың хабарламалары тыңдалды.

F19FAE2A-55D5-4E61-921D-323895082650

- Сырым аудандық пробация қызметінің есебінде 23 адам тіркеуде. Есептегі азаматтарға аудандық ауруханамен бірлесіп, әлеуметтік көмек көрсету бағдарламасы бойынша медициналық, психологиялық көмек көрсетілуде. Сондай-ақ олар жұмыссыз болса жұмыспен қамту орталығына есепке тұрады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1131 қаулысына сай биылғы жылдың 3 айында пробациялық бақылаудағы азаматтарға 18 медициналық, 7 адамға психологиялық көмек көрсетілді.

Ауданда "Профилактика" атты жедел іс-шара өткізілді. Шара кезінде 3 сотталғанға 6 ескерту жарияланып, аудандық сотқа бостандығынан шектеу жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру мәселесін шешу жөнінде 3 ұсыныс жіберілді.

Аудандық полиция бөлімінде сотқа дейінгі пробацияны жүзеге асыру туралы дөңгелек үстел отырысы да ұйымдастырылды. Санымен қатар Сырым аудандық прокуратурасының қолдауымен аудандық жұмыспен қамту орталығына "Бизнес бастау" жобасымен оқуға сотталғандарды тіркеу жоспарға енгізілді, - деді аудандық пробация қызметінің аға инспекторы, әділет аға лейтенанты Н.Иксанғалиев өзінің жасаған хабарламасында.

А.Бауыржанқызы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале