Абат Дүйсембиев, Сырым аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы, майор:
- Бүгінгі таңда елімізді ғана емес жалпы әлемді алаңдатып отырған коронавирус дерті өте өзекті мәселе болып отырғаны баршамызға белгілі. Әзірге бұл аурудың емі табылмай отыр. Аурудың алдын алу мақсатында вацинациялау мәселесі көтеріліп, елімізде ақпан айынан бастап вакцина егу науқаны басталды.
Осыған байланысты біздің қорғаныс бөлімінің қызметкерлері де өз денсаулықтарын қорғау мақсатында Ресейлік «Спутник V» және Қытайлық «Hayat-Vax SARS-CoV-2 (Vero Cell)» алып жатыр.
Жеке құрамның 70%-ы вакцина алды. Қызметкерлердің денсаулықтары жақсы, ешқандай кері әсері болған жоқ.
Жалпы айтарым, бұл аурудан халқымыз тез құтылу үшін оның алдын алып, екпе алу дұрыс деп санаймын.
Әрине, екпе алу-алмау халықтың өз еркінде, дейтұрғанмен қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде желдей есіп жүрген жалған ақпараттарға сенбей, дұрыс шешім қабылдаса екен деймін. Себебі ешқандай мемлекет өз халқына қастандық жасамайды. Көзіміз жеткені, бұл ауру адам таңдамайды.
"Бір жағадан бас, бір жеңнен қол" шығарып, індетті жеңуге атсалысайық!
zhaikpress.kz