Казталов ауылындағы №220 референдум учаскесінде желаяқ спортшы Баубек Ильясов отбасымен өз таңдауларын жасап, азаматтық борышын орындады.

Спорттағы жетістіктерімен танылып жүрген Баубек бұл жолы да белсенділік танытып, ел болашағына қатысты маңызды саяси науқанда өз дауысын берді. Оның бұл қадамы ел тағдырына бейжай қарамайтын азаматтық ұстанымның айқын көрінісі болды.

Жас спортшының айтуынша, әрбір азамат елдің ертеңіне жауапкершілікпен қарап, осындай маңызды сәттерде өз таңдауын жасауы қажет. Себебі халықтың бірлігі мен белсенділігі – мемлекет дамуының басты кепілі.
Гүлнұр Бөлешова,
Казталов ауданы