5.04.2022, 9:15
Оқылды: 36

Желаяқтың жүлдесі  

Сәуірдің 1-інде Қызылорда қаласында «BIALI марафон – 2022» республикалық жарысы оздырылды. Онда 8 шақырым қашықтық бойынша 18-40 жас аралығында ерлер арасында сынға түскен  казталовтық марафоншы Баубек Ілиясов І орынға ие болды.

IMG-20220401-WA0070

Желаяқ арнайы қаржылай сертификатпен және кубокпен марапатталды. Жарысқа Ақтау, Орал, Қызылорда, Павлодар, Түркістан өңірлерінен 200-ге жуық желаяқ қатысты. Баубектің аталған жарысқа қатысуына жеке кәсіпкер, спорт жанашыры Нұрлыбек Хайруллин қолдау көрсетті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале