14.12.2021, 17:40
Оқылды: 28

Желтоқсан оқиғасының куәгерімен кездесті

Қазақ халқының тарихында өзіндік ерекше орын алған Желтоқсан оқиғасына биыл 35 жыл толып отыр. Қаншама уақыт өтсе де 1986 жылдың ызғарлы сол күндері алаңға шығып соққыға жығылса да, кеуделерін тік көтеріп, «Менің Қазақстаным» әнін шырқаған жастардың бейнесі біздің жадымызда мәңгілік сақталып қалғаны шындық. Осы ауыр күндерде алаңнан табылған батыр қыздардың бірі Күлдархан Қанатова еді. Оның көргені мен көңілге түйгені көп, батыл жан сол ауыр күндерді бүгінгі ұрпаққа айтып жеткізуді өзінің парызы санап келеді.

тұлга

Тәуелсіздік күні қарсаңында аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова желтоқсан оқиғасының куәгерін қабылдады. Тәуелсіздікке бастау болған осы оқиға бізді бүгінгі жарқын күндерге жеткізгенін, өскелең ұрпақ қасиетті күннің қадірін біліп, бағалап өсуі тиіс деп өзара пкірі алмасылған жылы жүздесу болды. Күлдархан Желеубайқызы өзіне көрсетілген құрмет үшін шынайы алғысын білдіре келе, әрбір атамекенін сүйетін азамат туған жерінің ертеңгі болашағы үшін адал қызмет жасауы, жас ұрпақ шыншыл да елжанды болып тәрбиеленуі қажет деген өз ұстанымымен бөлісті.

Кездесу соңында Әлия Биғазықызы К.Желеубайқызына ашық әңгімесі үшін рахмет айтып, алдағы күндеріміз тек жақсылықтарға толы болсын дей келе, сый-сияпатын ұсынды.

                                                                                        Гүлшат Ибрагимқызы,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале