9.05.2022, 22:27
Оқылды: 37

Жеңген ақшасын қайырымдылыққа аударды

Шыңғырлау ауданына қарасты Алмаз ауылында мықты волейбол мектебі қалыптасқан. Шағын ғана елді мекен жастары бос уақытын спортзалда өткізеді. Сол себепті түрлі мерекелер мен ауылдастары құрметіне және ауыл мектебін әр жылдары аяқтаған жастар волейбол жарысын ұйымдастыруды дәстүрге айналдырды.

B33B5E01-86DE-4AAB-A1C8-4EDF080EC7F6

Жастарды салауатты өмір салтына баулып, әуе добына деген қызығушылығын арттыру мақсатындағы жарысты осы жолы 1991 жылы туған алмаздық жастар ұйымдастырды. Бала кезден бірге өскен достары Аслан Ақдәулетовты еске алу турниріне арысы Ақтөбеден, берісі Шыңғырлау, Орал мен Бәйтерек ауданында тұратын ауыл жастары жиылды.

D96D8BB8-8D79-4BDA-9858-23BD9C305F64

Бәсекенің ашылу салтанатында Аслан Ақдәулетовтың әкесі мен анасы Төлеген мен Күләш Қалиевтер достарын ұмытпай, жастардың басын біріктірген 1991 жылғы жігіттерге ризашылығын білдіріп, алғыстарын айтты.

Қызыққа толы болған жарыс тартысқа толы болды. Қорытындысында  әдемі ойын өрнегін ұсынған Аслан Мұстафаев "Үздік ойыншы" аталымын жеңіп алса, Ержан Базаров "Үздік жас ойыншы" атанды. Ал жалпы есепке келсек, үшінші орын 1989 жылғылар командасына, екінші орын мектеп ұжымына бұйырса, жарыстың бас жүлдесін 1991 жылы туған жігіттерден құралған команда жеңіп алды.

A89153D2-68CA-47F3-B8A1-AD334C4E57CC

Жарыс соңында әр команда, жүлдегерлер мен жеңімпаз команда жеңісі үшін алған қаражатты толықтай қайырымдылыққа жұмсады. 
Жалпы сомасы 100 мың теңгеден асатын қаражат көршілес жатқан Ақшат ауылының тұрғыны Нұрхат Қалдыбаевтың еміне аударылды.

Түгелбай Бисен
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале