8.02.2023, 20:42
Оқылды: 11

Жеңімпаздар елге оралды

Жуырда «МАУСЫМАШАР-2023» республикалық фестивалінің қортындысы бойынша ауданымыздың  «ҚОС ӨЗЕН» құрамасы әр облыстан жиналған 32 команданың қатысуымен өткен республикалық «Jaidarman JUNIOR» жобасының жүлделі  II орын иегерлері атанғандығын хабарлаған болатынбыз. «Jaidarman JUNIOR» жобасының жазғы кубогіне жолдама алған құрама команда бүгін елге оралды.

IMG-20230208-WA0179

Жас жеңімпаздарды аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айша Әбішева бастаған бір топ белсенді жас Орал қаласынан күтіп алса, Казталов ауылында жайдарманшыларды Казталов мектеп-лицейі және А.Оразбаева атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің ұжымы мен оқушылары, ата-аналар  жылы шыраймен қарсы алды.

IMG-20230208-WA0167

Жас жеңімпаздарға ақ ұсынылып, жылы лебіздер айтылды.

Асылбек Нәсіпқали,

Қазталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале