14.10.2022, 9:15
Оқылды: 49

Жеңімпаздар облыстық кезеңде

Бүгін Тасқала аудандық мәдениет үйінде «Мейірбандық күндері» қайырымдылық айлығы шеңберінде «Балалар жылы» аясында аудандық балалар шығармашылығы фестивалі өтті. Балалардың ойында креативтілікті дамыту мақсатында ұйымдастырылған байқауға 6-18 жас арасындағы мүмкіндігі шектеулі балалар қатысты. Шараға арнайы қатысқан аудан әкімі Бауыржан Айтмағамбетов құттықтау сөйлеп, барша қатысушыларға сәттілік тіледі. 

шара дк

«Қазан айы – мейірімділік пен жылулыққа толы ай. Бұл айда өңірімізде көмекке мұқтаж жандарға көмек көрсетіліп, барынша көңіл бөлінеді. Бүгін «Балалар жылы» аясында мүмкіндігі шектеулі балалар арасында шығармашылық фестивалі ұйымдастырылып отыр. Аталмыш фестиваль жүйелі түрде жылма-жыл ұйымдастырылып келеді. Ел Президенті Қ.Кемелұлы өз сөзінде балалардың үйлесімді дамуы, бақытты балалық шағы - біздің жалпы ұлттық міндетіміз» деп айтқан болатын. Осы ретте біз тұтас қоғам болып өскелең ұрпақты қолдау, қорғау, әлеуметтік қамсыздандыру бағытында тиісті шараларды атқаруға міндеттіміз. Фестиваль қатысушыларына шығармашылық табыс, сәтттілік тілеймін. Тек биіктерден көрінулеріңізге тілектеспін», - деді аудан басшысы Бауыржан Айтмағамбетов.

шара дк8

Бес аталым бойынша өткен байқауға сегіз бала қатысты. Атап өтсек, көрме, көркем сөз оқу, эстрадалық вокал, аспапта ойнау, хореография номинациялары бойынша сынға түсті. Аудандық балалар шығармашылығы байқауының қорытындысында Рамазан Жалімбетов хореография аталымы бойынша жеңімпаз атанды. Көркем сөз оқу аталымы бойынша І орынды Айтжан Сисенғали, ал көрме аталымы бойынша бірінші орынды Румия Арыстанова иеленді.

шара 999 (1)

Жеңімпаздар мен қатысушылар ұйымдастырушылар тарапынан алғысхат пен бағалы сыйлықтармен марапатталды. Әр аталым жеңімпаздары облыстық шығармашылық байқауға жолдама алды.

Болат Бек,

Тасқала ауданы 

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале