27.05.2021, 17:45
Оқылды: 29

Жеңімпаздарды қабылдады

Шыңғырлау ауданы әкімі Әлия Мұханбетжанова ауданымыздың атын облыс, республика көлеміне танытып жүрген аудан мақтаныштарын жақында жеткен жеңістерімен құттықтап, алғысхаттармен марапаттады.

E4721C35-3A48-498E-8A90-58D1CFB18FF3

  Жақында Түркістан қаласында самбодан өткізілген республикалық жарыста қола жүлдегер атанып, Литваның Паланга қаласында өтетін әлем чемпионатына жолдама ұтқан жерлесіміз Қайсар Құсайынов, Бурабай елді мекенінде өткен мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің IV «Рухани қазына-2021» республикалық фестивалінде "Үздік ауылдық мәдениет үйі қызметкері" аталымы бойынша республикалық деңгейде үздік атанған Нұрқанат Кабибуллиев және облыстық «Жігіт сұлтаны - 2021» байқауының І орын иегері Мағжан Жеңісов аудан әкімінің арнайы алғысхатымен марапатталды. Аудан әкімі Әлия Биғазықызы жеңімпаздарды жеңістерімен шын жүректен құттықтап, осындай жандар арқасында аудан мерейінің өсіп жатқанын жеткізді. Бұдан бөлек жылы лебіздерін білдіріп, естелік сыйлықтар табыстады. Бұдан соң аудан әкімінің орынбасары Азамат Тәңірбергенұлы сөз алып, қонақтарды өткен мейрамдарымен құттықтап өтті. Сонымен қатар әлемдік чемпионатқа дайындалып жатқан Қайсар Құсайыновқа сәттілік тілеп, жеңіспен ораларына сенім білдірді. Өз кезегінде мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Өмірбек Сайынұлы да жеңімпаздарға бағындырар шыңдары көп болғай деп ізгі тілегін білдірді.

  Марапатқа ие болған мақтаныштарымыз да алғыстарын білдіріп, бір орында тоқтап қалмайтындарын жеткізді. Жеңімпаздарымыздың алар асулары әлі алда екендігіне сеніміміз мол.

Айбарша Лекерова,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале