Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай аудан көлемінде түрлі игі шаралар өтуде. Ақжайық ауданы Сарытоғай ауылдық округі әкімдігінің мамандары да згі шарадан тыс қалмай, ардагерлерді ардақтауға өз үлестерін қосып жүр.
Жуырда мамандар Жанама ауылындағы он тыл ардагерінің үйіне есімдері жазылған тақтайша белгі орнатты. «Ауданымызда бір ғана Жеңіс сарбазы қалды. Бейбіт аспан мен қамсыз балалық сыйлаған аға буынға құрметіміз шексіз. Мерейлі даталарға толы жылда ауылымыздағы тыл ардагерлерін ұмыт қалдырмай, ұжым болып мерекелік көңіл күй сыйлап, құрмет көрсетіп қайттық. Ел басына күн туып, экономика төрт тағанынан қатар ақсап тұрғанда да, ауыл әлеуетінің артуы үшін еңбек еткен аға буынды өскелең ұрпақ ұмытпауы тиіс», - дейді округ әкімі Абзал Жәрдемұлы.
Рүстем Демеу
Ақжайық ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер