Кеше Казталов ауылдық округі әкімшілігінің бастамасымен «Терек отырғызу» акциясы оздырылып, Жеңіс саябағына 300-ге жуық көшет отырғызылды. Санитарлық-экологиялық айлық аясында оздырылған акцияға аудан әкімі аппаратының, дербес бөлім, мекемелердің қызметкерлері үн қосты.
Акцияның мақсаты – саябақтарды абаттандыру жұмыстарын жетілдіру, тұрғындар арасында қоршаған ортаны қорғау түсінігін арттыру.
-Табиғатты қорғау, аялау - бүгінгі қоғамның парызы. Себебі ата-бабамыз мирас етіп қалдырған ұлан-ғайыр жерді келешек ұрпаққа аманат ету - міндетіміз. Әйтсе де, адамның іс-әрекеті салдарынан қоршаған орта ластанып, экологиямызға қауіп төндіруде. Ал экологияның ластануының алдын алу шараларының бірі – абаттандыру жұмыстарын жүргізу. Осы мақсатта бүгін Жеңіс саябағында арнайы акция ұйымдастырып, көшеттер отырғыздық. Бұл көшеттер келешекте жасыл желекке айналып, саялы да көркем баққа айналмақ. Сондықтан барша аудан тұрғындарын аталған акцияға үн қосуға шақырамыз, - деді Казталов ауылдық округінің әкімі Ернар Ғалымов.
Асылбек Нәсіпқали,
Казталов ауданы
zhaikpress.kz