5.05.2022, 15:30
Оқылды: 55

Жеңіске қосқан үлес зор

Сұрапылдығы мен қатыгездігі жөнінен адамзат тарихында теңдесі жоқ Ұлы Отан соғысында неміс-фашист басқыншыларын талқандап, жеңіске жетуде қазақстандықтар, соның ішінде Бөкей ордасы ауданының халқы да зор үлес қосты.

2019_05_13_20150622083405

egemen.kz

Жоғарғы қолбасшы Сталиннің ставкасы Сталинградты жаудан қорғау және неміс армиясын осы  жерде талқандау үшін Салинград аумағында 3-соғыс майданын құрды. Соның бірі Сталинград  майданы 1942 жылдың 12 шілдесінде құрылды. Осылайша тарихта теңдесі жоқ 200 отты күндер  мен түндерге созылған Сталинград шайқасы басталды. Сталинград шайқасына екі милионнан  астам адам, 26 мың зеңбірек пен миномет, екі  мыңнан астам танк және соншалықты ұшақ қатысқан. Бұл майдан дүниежүзілік  соғыстың  барысына түбегейлі өзгеріс жасаған тарихи оқиға  болды.

Міне осындай зор шайқаста бүкіл қазақстандықтармен бірге ордалықтар да ерекше кезге түсті. Тек 1942 жылдың 18 мауысымында Батыс Қазақстан облысында дайындықтан өткен 26 мың 225 жауынгер Сталинград майданына жіберілді.

Қазақстан Сталинград облысының 300 киллометрге жуық жерімен шектесетін жаудың Еділ өзеніне шығуына байланысты Қазақстанның батыс облысының екі ауданы Сталинград майданының жақын тылына айналды. Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің бұйрығына сәйкес 1942 жылдың тамыз айынан бастап Орда ауданы Сталинград майданының қарамағына енгізіліп, «Соғыс жағдайы» жарияланды. Оның барлық шаруашылығы мен тіршілігі соғыстың жағдайына, майданның қажетіне бейімделді. Неміс командованиесі майданы орталықпен, Мәскеумен, жалпы елмен байланыстырып тұрған жалғыз жолды үзіп, Астрахан-Урбах-Орал бағытындағы теміржолды істен шығару үшін оның бойындағы стансаларды және оның маңындағы қозғалысты дамылсыз бомбалады. 1942 жылғы қазан айының 25-інен бастап, КСРО халық комиссарлар кеңесінің шешімі бойынша біздің ауданның жері Кеңес елінің әуе қорғанысы пункттерінің қатарына қосылды. Осы жылдың қазан-қараша айларында Сайқын, Шоңай стансаларына 22 рет топталған, 11 рет жекеленген түрде 138 жау самолеттері ұшып келіп, 538 бомба тасталған. Орда, Жәнібек аудандарының жерлеріне жау авиациясының бомбалауынан келген зиян мемлекеттік төтенше комиссиясының актісі бойынша 7 161 693 сомға жеткен.

Сталинград шайқасы кезінде Қазақстанның Жәнібек, Сайқын, Шоңай сияқты теміржол стансалары Сталинград майданының соғыс қимылына тікелей қатысты. 1942 жылдың бірінші жартысында-ақ бұл жолдарға Сталинград үшін барлық қажетті жүкті тасу салмағы түсті. Жау авиациясының жиі-жиі шабуылы теміржол учаскілеріне көптеген қиындықтар келтірді. Әсіресе Урбах-Астрахан теміржол линиясында Сталинградқа жақын жердегі стансалары жағдай ауыр болды. Соғыстың бастапқы кезінде неміс авиациясына қарсы біздің ұшақтар қауқарсыз болатын, бірақ кейін келген жаңа «ЯК-2» истребительдермен аспанда батыл айқасып, жауға қырғидай тиіп, келген жағына кері қуатын болған. Қосапан елді мекенінде жаяу әскер бөлімдері тұрды. Осының бәрі жазудың назарынан тыс қалмайтын.

Біздің Бөкей ордасы ауданынан Ұлы Отан соғысында үш бірдей Кеңес Одағының Батыры шықса, Әбухан Еляев сияқты ағаларымыз партизандар қозғалысына да қатысты. Атап айтқанда, қатардағы жауынгер Украина жеріндегі бір ұрыста ауыр жараланып, жау тылында қалып қояды. Сондықтан партизандар да сақтық жасап, мұны қабылдамайды. Амалсыз фамилиясын Михайлов деп сендіріп, партизандар қатарына алынады. Бұл аты шулы Кеңес Одағының Батыры Ковпактың партизан құрамасы болатын. Ол немістермен соғысып, Қарпат тауына дейін барады.

Барлық Кеңес халқы сияқты Орда ауданы еңбекшілері де майданға көмек берді. Ордалықтар Сталинград майданындағы жауынгерлерге 280 пұт ет, 22 пұт май, 220 пұт астық, 245 дана құс етін және жылы киімдер, темекі арнаулы делегация арқылы апарылған. Оны сол кезде аудандық партия комитетінің әскери бөлімінің меңгерушісі болған болған 1 дәрежелі Даңқ орденінің иегері Мұхтар Сәрсенғалиев бастап барған. Облыстық «Екпінді құрылыс» газетінің 1943 жылғы 11 қаңтардағы санында жарияланғандай, Бөкей ордасы ауданының еңбекшілері танк коллонасын құруға 3 миллион 500мың сом ақша берген. Сондай-ақ аудандық өндіріс комбинатында фуфайка, қолғап, бөрік күрте, шалбар тіктіру ісі ұйымдастырылған. Өндіріс комбинаты жанында тері илеу байпақ цехтары болған. Ал Орда орман шаруашылығы мекемесінде жиде, акация тамырларынан ер-тұрман жасалып, майданға қолма-қол тапсырылған. Бұған қоса атты әскер дивизиясына арнап, ауданның 48 ұжымшар мен 67-жылқы зауыты майданға бірнеше жүздеген таңдаулы жылқысын жөнелткен. Аудан еңбекшілерінің майданға көмек берудегі осынау еңбектері Кеңес қолбасшылығы мен Үкімет тарапынан лайықты бағаланып, соғыс жылдары Бөкей ордасы ауданы Мемлекеттік Қорғаныс комитетінің Қызыл Туымен екі дүркін марапатталды. Ұлы Отан Соғысы кезінде қолына қару ұстап, майданға аттанып кеткен азаматтармен қатар, еңбек майданында да нағыз ерлер жұмыс жасады. Кейіннен олардың еңбектері жоғары бағаланып, аудан бойынша 25 адам Социалистік Еңбек Ері атанды.

Сөйтіп, майдан мен тыл біртұтастай біте қайнасып, барлық қиыншылықтарды бірлесе жеңді. Орда (Қазіргі Бөкей ордасы) аудандық әскери комиссариаты арқылы 1941-1945 ж.ж. соғысқа 4613 адам алынып, соның 3028-і оралмаған. Оның 2963-і қатардағы жауынгерлер мен кіші командирлер, 651-і офицерлер.

Осындай ерліктері мен еңбектерін ескере отырып, Бөкей ордасы ауданына жауынгерлік және «Еңбек даңқы» атағын атағын беруді сұраймыз.

СССР-дың бас қолбасшысы Сталинның өзі №0444 бұйрық шығартып, арнайы режим бекітіп,  майдан тылы танылған Бөкей ордасы ауданы күні бүгінге дейін ерлігі өз дәрежесінде танылып, бағасын ала алмай келеді.

Тілеген Арыстанбеков,

Бөкей ордасы аудандық қоғамдық кеңес төрағасы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале