20.05.2022, 21:13
Оқылды: 40

Жер пайдаланушыларға талап күшеймек

Қаратөбе ауданында ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдаланбай отырған шаруашылықтарға түсінік жұмыстарын жүргізу турасында алқалы жиын өтті. Жерді талапқа сай қолдану мәселелеріне арналған кеңеске БҚО жер ресурстарын басқару департаменті жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау бөлімінің басшысы Тахир Нұрахметов, облыстық мәслихаттың депутаты Серік Жарылғапов және мекеме мен бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері қатысты.

IMG-20220520-WA0083

Отырысқа төрағалық еткен аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Сұлтан аулышаруашылығы мақсатында қолданылатын жер телімдерін талапқа сай пайдалану қазіргі таңдағы өзекті мәселе екендігін атап өтіп, облыс орталығынан келген меймандарға сөз кезегін ұсынды.

Келелі кеңесте сөз сөйлеген БҚО жер ресурстарын басқару департаменті жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау бөлімінің басшысы Тахир Нұрахметұлы мен облыстық мәслихаттың депутаты Серік Абдуғалиұлы жер пайдаланушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, қолданысқа енгізілмеген жер учаскелерінің иелеріне жауапкершілік қарастырылатындығын, жер салығы 20 есеге ұлғайтылатындығын атап өтіп, оларға бірқатар шектеулер болатынын жеткізді.

Қаратөбе аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Нұрбол Бозовтың айтуынша соңғы 4 жылда 32 шаруа қожалығының 56 578 га жер телімін мақсатына сай пайдаланбай отырғаны анықталған. Осы пайдаланылмай отырған жер телімдері иелеріне түсінік жұмыстарын жүргізу нәтижесінде 12 шаруа қожалығының 6620 га жер телімі мемлекетке кері қайтарылды. Қайтарылған 6620 га жер телімінің 4100 га қайтадан айналымға енгізілген. Ауыл шаруашылығы мамандарын жинаған келелі кеңесте шаруа қожалықтарының иелері көкейіндегі сауалдарын қойып, тұшымды жауаптар ала алды.

Серікбай Хасанов, 

Қаратөбе ауданы, 

zhaikpress.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале