7.12.2020, 9:33
Оқылды: 75

Жер жәннаты - Жаңақала

Қашанда халқымыз үшін ауыл руханиятымыздың темірқазығы, ұлттық құндылықтарымыздың алтын бесігі, береке мен байлығымыздың бастауы екені даусыз. Ауылдың таза ауасын жұтып, тұнық суын ішіп, көркем табиғатынан қуат алып өскен әрбір азамат өзі туған топырағын барынша қадірлеп-қастерлеуге тиіс. Төрт түлігін түлетіп, егістігін жайқалтып, шаруасын өрге сүйреп отырған ауылдың бірі – Жаңақала ауылы.

D0AE01FA-D663-4ADD-ACE1-626985161C6F

Жаңақала ауылы аудан орталығында орналасқан. Жасампаздықты ту еткен Жаңақала ауылы күннен-күнге қарыштап дамып, қанатын кеңге жайып келеді. Талай алыптар мен дүлдүлдердің отанына айналған, ұлылардың көзімен, ақындардың сөзімен жазылған, қазақ даласында «Күй ордасы» атанған құдіретті де киелі өңір Жаңақала. Жаңақала ауылы әр азамат үшін орны бөлек, жөні ерек жұмақ мекен. Жан-жағы берекелі, әр күні мерекелі құтты өлке. Әр атқан таңы мен батқан күнінде де айрықша қасиет бар қастерлі ен дала, адамдықтың бастауы болған кең дала. Бүгінгі таңда осынау алтын бесікке деген Үкімет тарапынан қолдау да, көмек те, қажырлы еңбек те ерекше. Шын мәнісінде жыл санап  ауылға ден қойылып, аса үлкен көңіл бөлініп, қуаныш көкжиегі кеңейіп келеді. Осы орайда арнайы шаралар ұйымдастырылып, ауыл беделі мен мерейінің мәнді болуына түрлі жиындар өткізілуде. Сөзімізге тұздық болатын Жаңақала ауылында да  орайын тапқан талай жұмыстар төрге озып, ауылдың асқақтауы жолында жөнді істер ілгері шығуда. Жалпы, ауылымыз аудан бойынша халық көп қоныстанған, өндіріс орындары шоғырланған, мәдениеті мен инфрақұрлымы дамыған ауыл болып табылады. Округ бойынша 1826 аулада 9234 тұрғын бар. Қазіргі таңда ауылымыздан жеке тұрғын үй салуға 596 адам жерге тіркелген.

Мал шаруашылығы - басты назарда

- Төрт түлігін баптап бағып, асылдандырып, өрісін малға толтырған Жаңақала өңірінде ауыл шаруашылық құрылымдарының қатары артып келеді. Ауыл тұрғындарының күнделікті тұрмыс-тіршілігінде мал шаруашылығының маңызы өте зор. Осыған орай мал басының сақталып, сапасының жақсаруына да мән берілуде. Қазір ауылда мүйізді ірі қара саны - 8555 басқа, қой мен ешкі – 17 979 басқа, жылқы - 2459 басқа, түйе - 27 басқа жетті. Жаңақала ауылында төрт түліктің хал-ахуалы тұрақты. 2020 жылы 18 ШҚ мал шаруашылығына 21 586 000 теңге субсидия алынды және қоғамдық табынға 2 ШҚ 15 бас бұқа қосылды. Ауылдық округке қарасты 1 ШҚ «Беларусь-82.1» маркалы 2 трактор жалпы құны 19 920 000 теңгеге, 1-шөп тығыздағыш 3 080 000 теңгеге, 2-шөп тиегіш – 2 820 000 теңгеге сатып алынды.  

6889E629-604E-4776-9912-B3DBBD892EB2

Бүгінгі күннің басты талабы - шағын және орта кісіпкерлік саласын жақсарта беру. Осы ретте ауылдық округте 2 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 1 несие серіктестігі, жалпы 597 жеке кәсіпкерлер, 42 шаруа қожалығы есепте. Жалпы, шағын кәсіпкерлік саласында 503 нысан тіркелген. Оның 437 жұмыс жасап тұр. Биыл ауыл тұрғындары «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ (39 адам) және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ (15 адам) несиелендіру қорларымен «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы арқылы 54 адам 257 572 000 теңгенің несиесін алды.

Абаттандыру - басты бағытымыз

Ауылымызда биыл «Жасыл ел» бағдарламасы арқылы 70 жас студентер жұмысқа тартылса, оның сыртында ақылы қоғамдық жұмыс арқылы тағы 15 студенттер жұмысқа тартылған болатын.Мәдени демалыс саябақтарының ішіне абаттандыру, су құбырларын жүргізу, ағаштар отырғызу және т.б. жұмыстары жүрізілді. Оған 260 000 мың теңгеге 450 түп терек көшеттері және орталық көшелерге 500 000 мың теңгеге 200 дана гүлдер отырғызылды және 185 000 мың теңгеге гүл отырғызуға құрал-жабдықтар алынды. Жолдарды күтіп ұстауға 5 500 000 теңге жұмсалды.  

Жаңақалада жағдай қалыпты

Халықты әлеуметтік қорғау бағдарламасының басты нысаны  әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындардың материалдық жағдайының жақсаруына қол жеткізу, жұмыссыздық пен кедейлікті азайту. Аудан тұрғындарына көмек көрсетудің негізгі тетігі үкіметтен бөлініп отыратын атаулы әлеуметтік көмегін тізімдегі отбасылар айына, тұрақты түрде алып тұрады. Әлеуметтік қорғауға жататын тұлғаларға барлық қаржыландыру көздерінен  әлеуметтік және материалдық көмектер көрсетілді. Соның ішінде - атаулы әлеуметтік көмек 205 отбасындағы 1051 адамға төленді.  Тұрғын үй көмегі 84 отбасына 7 165 088 теңге төленді. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына жергілікті уәкілетті органның шешімімен төленетін әлеуметтік төлемдер бойынша 53 отбасыға 1 160300 теңге төленді. Жаңақала ауылы бойынша 88 адам 555 600 теңгенің грантын иеленді. Биыл әлеуметтік жұмыс орындарына 18 адам жіберілді. Жастар тәжірибесі бойынша 54 маман жолданды,  ақылы қоғамдық жұмысқа 237 адам жолданды.

71D05856-BFAD-4879-89D7-7F9C5B08F49E

Сонымен қатар Жаңақала ауылындағы Айтқұлов көшесінен Д.Нұрпейсова көшесінің қиылысына дейінгі, Халықтар достығы көшесінен И Тайманов көшесінің қиылысына дейінгі, И.Тайманов көшесінен 1 мамыр көшесінің қиылысына дейінгі жаяу жүргіншілер жолы салынып, пайдалануға берілді.

67611664-00B2-476A-8699-4046A499267E

«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, биылғы жылы ауылымыздың 2000 жылы мектеп бітірген түлектері ауыл бүлдіршіндеріне құны 1 млн теңгені құрайтын балалар ойын алаңы және «Жаңақала несие» ЖШС-нің басшысы Бегалиев Тимурдың қолдауымен құны 500 мың теңге болатын «Тәуелсіздік» саябағына балалар ойын алаңы тарту етілді. Осы сынды игі істер ауылымызда өте көп. Ауылымыз жарықпен, газбен, сумен қамтылған. Жалпы, ауылымызда 38 трансформатор іске қосылып тұр. Көше жарық шамдарының жалпы ұзындығы 95,5 шақырым,  1233 дана жарық шамы бар. Жыл бойына ауыл ішілік көше жарығының техникалық қамсыздандыруына, көше жарығына, керекті тауарларды сатып алуға және электр желілерін ауыстыруға  27 908 000 теңге жұмсалды. Сондай-ақ, биыл ауылымыздың кіре берісінде «Спорт кешені» салынып, аудандық жасөспірімдер мен балалар спорт мектебі күрделі жөндеуден өтіп жұмыстарын жалғастыруда,-дейді Жаңақақала ауылдық округінің әкімі Абзал Ахметов.

Сөз соңы

Жаңашылдықпен дамып, замана көшіне ілескен, тарихы мол Жаңақала ауылында бүгінге дейін халықтың әлеуметтік жағдайын, мәдениетін, ауыл шаруашылығы, білім, денсаулық саласын дамытуда атқарылған істер де аз емес, атқарылар жұмыс көлемі де ауқымды.

Ақсәуле Сексенбайқызы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале