Бүгін Қазақстан Республикасының Қорғаныс істері, Жергілікті әскери басқару органы күнінің 30 жылдығына орай мерекелік шара өтті.
Салтанатты шарада аудан әкімі аппаратының басшысы Медет Мырзаш кәсіби мереке иелерін құттықтап, аудан әкімінің мерекелік алғыс хатын табыс етті.
Мерекелік алғыс хатпен қорғаныс саласында ұзақ жылдар бойы еңбек етіп жүрген көлік жүргізуші қызметкері Азамат Айтқалиев пен бөлім бастығының көмекшісі Айлита Қапашева марапатталды.
Сырым ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің басшысы, подполковник Мұрат Сәрсеев әріптестерін кәсіби мерекемен құттықтап, аталмыш саланың ардагерлері, 30 жылдан астам атқарған қалтқысыз еңбегі үшін Талғат Бақтығалиев, Гүлбарам Төлеуішова, Ханзипа Тумағалиға алғыс хат пен естелік сыйлық табыстады.
Салтанатты шараны аудандық көркемөнерпаздар әнмен әрледі.
Айжан Амангелдина
Сырым ауданы
zhaikpress.kz