15.11.2023, 21:34
Оқылды: 57

Жергілікті өнім жәрмеңкесі өтті

Мемлекеттік «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бағдарламасы ел экономикасын нығайтуға, кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған бірегей шара.

Бүгін Теректі ауданында осы жоба арқылы грант алып, өз ісін ашқан кәсіпкерлер өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

жарменке

Жалпы, ауданда жоба басталғалы бері 600 астам адам грант алған. Мәселен, 2021 жылы 373 адам «Еңбек» бағдарламасы арқылы 214,3 миллион теңгеге қайтарымсыз грант алды. 2022 жылы «Ұлттық жоба» аясында 197 адамға 236,8 миллион теңге қайтарымсыз ақша берілген. Биыл да осы жоба аясында 43 тұрғын 58,9 миллион теңге көлемінде грант иеленді.

жарм3

Мемлекеттік грант иелері қаражатты негізінен ірі қара мал, бройлер балапандарын өсіру және бау-бақша салуға жұмсады. Ішінара тігіншілік, шаштараз және т.б қызмет көрсетуге ден қойғандар бар.

жарм2

Бүгінгі жәрмеңкеге он беске жуық кәсіпкер қатысып, өз өнімдерін ұсынды. Азық-түлік, ет-сүт және бау-бақша өнімдерімен қатар той ұйымдастыру, аниматорлық ойын-сауық өткізу, тігін, тоқыма, фотостудия, ара өсіру істері таныстырылды.

жарм 4 (1)

Жәрмеңкеге БҚО еңбек мобильді орталығының директоры Аэлита Әбілқайырова арнайы келіп, грант иеленушілермен тілдесті. Теректі ауданы әкімінің орынбасары Қалаубек Теміров өз кәсібін бастап, даму жолына түскен жандарға алғысын білдірді.

Жәрмеңкеге жиналған жұрт жергілікті өнімдерге қызығушылық танытты. Өздеріне қажетті тауарды сатып алған теректіліктер кәсіпкерлерге қолдау білдіріп, тарқасты.

Балнұр Қанаева,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале