20.08.2021, 14:19
Оқылды: 48

Жергілікті өнімдер сатылымда

Жаз мезгілінде қауын-қарбызға сұраныс артып, сатып алушылар қатары көбейеді. «Тайпақ, Шымкент қарбыздары» дегенді де жиі естиміз. Бүгінде өзге өңірлік өнімдер дүкен сөрелері мен базарларды жаулап алды. Енді олардың қатарынан Казталов ауданына қарасты Бостандық ауылы қарбыздарын да сатып алуға мүмкіндік бар. Бостандық атауын брендке айналдырып отырған кәсіпкер – Марат Баянғалиев.

 238257127_1164664387276781_9187698794460897650_n

Марат Баянғалиев он жылдай уақытын бау-бақша өнімдерін өсіруге жұмсаған жан. Оның өнімдері жыл сайын сұранысқа ие болып, көлемі артуда. Ол өзінің жұмысына қанағаттанатындығын да жеткізді.

- Адам баласы еңбек арқылы тәрбиеленеді. Мақсатыңа жету үшін де қажырлық, табандылық, сабырлық керек. Қазіргі таңда қауын- қарбыз, жүзім өнімдері сатылымда. Бұл жаз бойы төккен тердің жемісі. Өнімдерімізге сұраныс артуда. Тұтынушыларымыздың басым көпшілігі аудан тұрғындары. Олар жергілікті өнімге қолдау көрсететіндігін айтып, ризашылықтарын білдіруде, - дейді кәсіпкер.

236983074_1164664343943452_4964289675102789467_n

Марат ағамыз бүгінде бірқатар ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып отыр. Оның еңбегі жұмыссыздықтың алдын алып, ауыл атының брендке айналуына септігін тигізері хақ.

 

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале