Сырым ауданы әкімі Абат Шыныбековтың төрағалығымен актив жиыны өтті. Жиында Батыс Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің жергілікті полиция қызметінің басшысы, полиция подполковнигі Манарбек Ғабдуллин қатысты.
М.Ғабдуллин аудандық ішкі істер бөлімі жергілікті полиция қызметінің басшысы қызметіне тағайындалған Ерлан Журалиевті таныстырып, өмірбаянын, еңбек жолын атап өтті. Жаңа қызметке тағайындалған Ерлан Шалбайұлы халықпен тығыз қарым-қатынаста еңбек ететінін жеткізді.
Шынар МОЛДАНИЯЗОВА
Сырым ауданы
zhaikpress.kz