16.08.2023, 17:30
Оқылды: 49

Жерлес ақынның туған күніне арналды

Қаратөбе ауданының Шөптікөл ауылындағы орта мектептің кітапханасында аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиевтің қатысуымен жерлес ақын Ертай Бимұхановтың 50 жасқа толуына байланысты іс-шара өтті.

Ертай фото

Аудандық орталықтандырылған  кітапхана жүйесі ұйымдастырған дөңгелек үстелде Е.Бимұханов пен бірнеше жылдар бірге жұмыс жасаған әріптесі, аудандық «Қаратөбе өңірі» газетінің жауапты хатшысы Е.Райсов, досы Марат Тажаяқов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұртас Набиоллаұлы ақынның шығармашылығы туралы өз ойларын айтып берді.

Ертай 1

Жас оқырмандар Ертай ақынның өлеңдерін оқыды.

Шараны қорытындылаған аудан басшысы Қадыржан Сүйеуғалиев жерлес ақын Ертай Сағындықұлының шығармашылығына тоқталып, алдағы қыркүйек айында оның шығармашылығына орай ауданда шара өтетіндігін айтты.

Ертай 2

Ерболат Райсов,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале