15.02.2021, 11:17
Оқылды: 48

Жерлесіміз мүшелікке қабылданды

Өткен аптада Орал қаласындағы Қадыр Мырза Әли атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығында Ақ Жайық өңірі күйшілерінің қатысуымен өткен жиында жерлесіміз, облыстық «Жас қанат» байқауының «Авторлық жанр» аталымының бас жүлдегері, күйші Анаргүл Бимұханова Қазақстан Күйшілер одағының мүшелігіне қабыланды.

анакош

Алғашқы еңбек жолын Қаратөбе аудандық мәдениет үйінен бастаған Анаргүл Сағындыққызы 25 жылдан астам уақыт бойы мәдениет саласында табысты қызмет атқарып келеді. Студент кезінен бастап күй шығарумен айналысады. Оның «Сағыныш», «Қыз арманы», «Балбөбек» т.б. төл туындылары бар.

Анаргүл Сағындыққызының күйшілік өнері турасында Қазақстанның Құрметті журналисі, танымал ақын, өлкетанушы Қайыржан Хасанов бірнеше мәрте материал дайындап, кітапқа да енгізген.

Анаргүл бүгінгі таңда Орал қалалық мәдени-ағарту бірлестігінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі болып қызмет атқарады. Облыстық мәдениет басқармасының Құрмет грамоталарымен марапатталған.

Айта кету керек, жерлесімізге куәлікті «Күйшілер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Асқар Кенжеғалиев табыс етті. Ал белгілі күйші Асылхан Қазиев Күйшілер одағының БҚО филиалына жетекшілік ететін болады.

 

Серікбай Хасанов,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале