Жуырда Ресейде 10-шы Халықаралық Мәскеу марафоны өтті. Жарысқа 40 мың адам қатысты.
Марафонға жерлестеріміз де қатысып, бақ сынады.
Халықаралық дода екі күнге созылып, 16 қыркүйек күні жасөспірімдер арасындағы марафон өтті. Ел намысын арқалаған жас спортшымыз Нұржан Сержан 10-11 жас ерекшелігіндегі спортшылар арасында 800 метр қашықтықта жүлделі І орынға ие болды.
Ал 17 қыркүйек күнгі ересектер арасындағы желаяқтар бәсекесіне Баубек Ілиясов қатысып, 42 шақырым қашықтықты 2 сағат 30 минут 42 секундта жүгіріп өтіп, мәре сызығын төртінші боп кесіп өтті.
Айта кетейік, спортшылардың халықаралық додаға қатысуына демеушілік білдіріп, қолдаған спорт жанашыры Асхат Рамазанов.
Жансая Жұмажанқызы
zhaikpress.kz