15-16 қаңтар күндері Оралда тоғызқұмалақтан Батыс Қазақстан облысының жастар арасындағы жекелей чемпионаты өткізілді.
Аталмыш жарысқа ұлттық ойынымыздан жоғары санатты жаттықтырушы Қайрат Шәутенов жетекшілік ететін аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің оқушылары мен түлектері бақ сынап, классика түрінен 15 жастағы ұлдар арасынан Бейбарыс Жолдасқали І орын, Бекнұр Тұрсынбай ІІІ орын, қыздар арасынан Аида Баймұхан ІІ орын, Нұрила Жұмагелді ІІІ орын иеленді. Ал 17 жастағы ұлдар арасынан Нұрберген Түсіпқали, жуалыойлық Мадияр Жұмағали мен Саяжан Біржанқызы ІІІ орынды, қыздар арасынан Әлия Төрегелдиева ІІ орынды еншілесе, 21 жастағы ұлдар арасынан Бексұлтан Халиоллинге І орын, Әбілхан Нұрғазинге ІІ орын, қыздар арасынан Мәдина Боранбаеваға І орын, Аяжан Мағзомоваға ІІ орын бұйырды.
Блиц (шапшаң ойын) түрінен 15 жастағы ұлдар арасынан Нұрәлі Арматұлы және Бекнұр Тұрсынбай ІІІ орынға табан тіресе, қыздар арасынан Нұрила Жұмагелді ІІ орын, Аида Баймұхан ІІІ орынға ие болды. 17 жастағы ұлдар арасынан Нұрберген Түсіпқали І орынға, 19 жас ұлдар арасынан Мадияр Жұмағали ІІІ орынға, қыздар арасынан Әлия Төрегелдиева ІІ орынға және Саяжан Біржанқызы мен Айнара Тұрсынбай ІІІ орынға табан тіреді. 21 жас ұлдар арасынан Әбілмансұр Нұрғазинге І орын, Бексұлтан Халиоллинге ІІ орын, қыздар арасынан Аяжан Мағзомова І орын, Мәдина Боранбаеваға ІІ орын бұйырды. Сонымен қатар Әсет Садық, Ахмет Нағымов, Манарбек Нағымғали сынды жас спортшыларымыз да жоғары деңгейден көрінді.
Додада оза шауып, жеңіс тұғырынан көрінген тоғызқұмалақшыларымыз 20-31 наурыз күндері Өскемен қаласында өтетін ел біріншілігіне жолдама алды.
Айзада Ақбасова,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz