20.11.2019, 11:21
Оқылды: 25

Жерлестерін «Ауыл тынысы» газетіне жаздыртты

Бәйтерек ауданының құрметті азаматы, облысқа танымал кәсіпкер Бейбіт Асановтың есімін біраз ел біледі.

 baiterek auyl tynysy (1)

Облыс, аудан көлеміндегі көптеген іс шараларға демеуші боп, елдің дамуы мен өркендеуіне сүбелі үлес қосып келе жатқан Бейбіт Батниязұлының Бәйтерек ауданының басты бұқаралық ақпарат құралы «Ауыл тынысы» газетіне деген құрметі де ерекше.

Бірнеше жылдан бері тұтас бір ауылды «Ауыл тынысы» газетіне жаздырып келе жатқан Б.Асанов жуырда ғана редакцияға бас сұқты. Аудандық басылымның 2020 жылдың І жартыжылдығына Асан ауылы тұрғындарын 50 дана газетке жазылуға демеуші болатындығын жеткізді.

Айта кету керек, кәсіпкер жетекшілік ететін «Асан-Ауыл» ЖШС қараша айының аяғында серіктестіктің 20 жылдық мерейтойын атап өтпек.

Бейбіт Асанов

Бейбіт Асанов

Ертай Бимұханов

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале