Қыркүйектің екінші жексенбісі Отбасы күні деп атап өтіледі. Бірлігі мығым мемлекеттің негізі – жарасты жанұя, саналы ұрпақ. Отбасы институтын сақтау және нығайту мәселесі – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі.
Айтулы күн қарсаңында облыстық қоғамдық даму басқарма басшысының орынбасары Гүлжанар Шөкеева және облыстық денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары А.Ғұбайдуллина Орал қаласында орналасқан перзентханаға арнайы барып бөкейлік Ғұбашевтар отбасын жетінші перзентінің дүниеге келуімен құттықтап, қуаныштарымен бөлісіп, облыс әкімі Нариман Төреғалиевтың алғысхаты мен сыйлығын табыстады.
Анар Артықбай,
Бөкей ордасы ауданы