Жетікөл ауылдық округінде білім беру ісінің қалыптасуына 100 жыл толуына орай жасөспірімдер арасында жеңіл атлетикадан аудандық ашық турнир өтті.
Турнирге Сырым МББК, Абай МББК, Қособа МББК және Орал қаласы 1-ші спорт мектептерінен 40-қа жуық спортшы қатысты. Спорттық шараның ашылуында Жетікөл ауылдық округінің әкімі Айдархан Рамазанов құттықтау сөз сөйледі.
Оқушыларға қолдау білдіріп, болашақ спортшыларға үлкен демеушілік көрсеткен Орал қаласы 1-ші спорт мектеп жаттықтырушысы Нұрлыхан Бекежановқа алғысхат табыстап, сый-құрмет көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша командалық есепте І орынды «Сырым МББК», ІІ орынды «Қособа» командасы, ІІІ орынды «Абай» командасы иеленді. Жарыс жеңімпаздарына медальдар мен арнайы кубок табысталды.
Шынар Яудақызы
Сырым ауданы