19.04.2020, 13:21
Оқылды: 76

Жетікөл жастары жақсылыққа ұйытқы болды

  Елбасы, ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Біз біргеміз» бастамасын қолдап, қазіргі күнгі еліміздегі жарияланған төтенше жағдайға байланысты сырымдық "Жетікөл жастары" ұйымы жақсылыққа ұйытқы болды.

9C96EE57-E82D-4FDF-8FBA-4972CAB54D30

Жастар ұйымымен WhatsApp әлеуметтік желісі арқылы жарияланған жеке шотқа 500 тг мен  5000 тг аралығында барлығы 91000 тг жиналған болатын. Аға-апаларымыз, бауырларымыз, қолы ашық, жомарт жандар ''бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып" жастардың ісіне қолдау, демеу көрсетіп, өз үлестерін қосты.

Жиналған ақшаға азық-түлік, тұрмыстық заттар алынып, мұқтаж 7 отбасыға жәрдем көрсетілді.

Осы бір жарасымды үрдіс, игі іс әрі қарай да өз жалғасын табады деп сенеміз.

Гаухар Құлсарықызы

Жетікөл жастар ұйымынын төрайымы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале