2.06.2024, 12:42
Оқылды: 71

Жетікөлде әкім сайлауы өтуде

Бүгін Сырым ауданы Жетікөл ауылдық округінде ауыл әкімінің сайлауы өтуде. №301 сайлау учаскесінде таңғы сағат 6.50-де мемлекеттік Гимн ойнап, сайлау учаскесі сағат 7:00-де жұмысын бастады.

IMG_20240602_065009

Ең бірінші болып дауыс берген ауыл тұрғыны – Талғат Қуанғали. Алғашқы 15 минут ішінде 7 адам дауыс берді.

Сайлау учаскесінің комиссия төрағасы Бисенғали Құлбатырдың айтуынша, # 301 сайлау учаскесінде 478 сайлаушы бар. Үйден дауыс берушілер саны —16.

483 бюллетень келді.

Айта кетейік, Жетікөл ауылдық округі әкімінің үміткерлері— Құлтемір Райымбек Қайырбекұлы, Мурзашев Асхат Қанатұлы, Рамазанов Айдархан Ерсайынұлы.

«Жария» тәуелсіз бақылаушылар қозғалысы» жергілікті қоғамдық бірлестігінен Серік Зиятов, «Сырым жастары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қайсар Халит, «Мұқалмас» қоғамдық бірлестігінен Еділ Нұрлиев байқаушы ретінде қатысып жатыр.

Ерсайын Рамазанов, Қосарал ауылының тұрғыны:

InShot_20240602_131038009

– Халықтың қамы үшін бүгін ауыл әкімінің сайлауына келдім. Жасым сексеннің үшеуінде. Осы топырақта дүниеге келдім. Әкем Ұлы Отан соғысында қаза тауып, сегіз жасымнан бастап еңбек еттім.

«Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ», - деген халқымыз. Үміткерлердің қайсысы әкім болып сайланса да, халыққа әділетті, халқының қамын жейтін, елдің жағдайын жасайтын, елі үшін бар күшін сарқып еңбек ететін азамат болса екен деймін.

Қажиахметовтар әулеті дауыс берді 

Қосарал ауылының байырғы тұрғындары Қажиахметовтар әулеті дауыс берді. Бұл әулет осы ауылда туып, өсіп-өніп, ұрпағын өрбітіп отыр.

IMG_20240602_083736

‐ Ұрпағының жарқын болашағын қалайтын әр адам сайлауға зор үмітпен келеді. Біз де отбасымызбен бірге келіп, таңдауымызды жасап тұрмыз. Депутаттар қоғамдық шараларда белсенді болып қана қоймай, беделді, қолынан іс келетін, тұрғындардың өзекті мәселелерін оң шешуге тырысатын болса дейміз,-дейді Қажиахметовтар.

Шынар Молданиязова, 

Сырым ауданы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале