Көктем туып, көк шыға көшеттерді отырғызу маусымы басталды. "Атадан мал қалғанша, тал қалсын", - демекші, адам ғұмырындағы ең үлкен істердің бірі осы – тал егу. Себебі бұл — біздің болашақ ұрпаққа, өзімізге және Табиғат-анаға жасаған үлкен сыйымыз.
«Жақсының жақсылығын айт, мерейі тасысын» демекші, Сырым ауданы Жетікөл ауылдық округіндегі Сырым орта мектебінің түлектері, бүгінде жұмыс барысымен ауылдан қоныс аударған ағайынды Наурызбек пен Фарид Сапиевтер өзінің туып-өскен жеріне 21 түп арша ағашын, 30 түп аққайың көшеттерін сыйға тартты. Мектеп ауласына 15 түп арша ағашын, балабақша ауласына 4 түп, мәдениет ауласына 2 түп, мектеп оқушылары мен «Асар» еріктілер клуб мүшелерінің көмегімен отырғызылды. Қалған талдар ауылдық округ әкімшілік аппаратына тапсырылды.
Ауылын көркейтіп, көгалдандыруға үлес қосқан осындай мәрт жандардың мәрттігі кейінгі буынға үлгі өнеге болады деген сенімдеміз.
Айман Жұбанова,
«Сырым елі» қоғамдық- саяси газетінің штаттан тыс тілшісі