9.08.2022, 20:45
Оқылды: 86

Жетікөлге шахталық құдық қазыла ма? 

Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев аудандық мәслихат хатшысы Шынар Дүйсенғалиевамен бірге Жетікөл ауылдық округінің әкімі Айболат Нұрмұхановтың тұрғындармен кездесуіне қатысты.

7кол(3)

Округте қазіргі таңда мал азығын дайындау науқаны қызуда. Бүгінгі күнге 3080 га жер шабылып, 1694 тонна шөп дайындалды. Меже – 18,5 мың тонна.
Жетікөлдегі жүздесуде халық негізінен ауыз су сапасын арттыру және электр жарығын үзіліссіз жеткізу мәселесін айтты.
Жетікөл ауылдық округін ауыз сумен қамту үшін Боқай нүктесінен құбыр тартылды. Жоба құны 350 млн теңгені құрады. Алайда түрлі табиғи өзгерістер жер асты су қорларының азаюына, ұңғымалардың өнімділігінің төмендеуіне әкеліп отыр. Мәселен, Боқай нүктесі біз межелеген 55 тонна судың орынына 30 тонна беріп отыр.
- Халықты сусыз қоймаймыз. 2 шахталық құдық бар. Тағы біреуін орнатамыз. Жалпы, қай ауылға да керек жоба – осы, – деді Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев.

Жиналыста ауылдағы ашық тұрған электр тогын жинақтаушы – трансформаторларды қоршау жайы сөз болды.
Жетікөлдік жамағат кейінгі жылдары Қосарал ауылынан мешіт салу бастамасын көтеріп жүр. Кешегі жиында халық осы бастаманы ортаға салып, мешіттің рухани тәрбиенің ошағы екенін айтып, ауылға Алланың үйі салынуы керек деген уағдаға келді. Алдағы уақытта осы жиынның хаттамасы негізінде мешіт құрылысы үшін қажетті құжаттарды жинақтау басталады.

Бауыржан Ширмединұлы,
Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале