17.05.2024, 17:05
Оқылды: 54

Жетпіс үш теректілік алғысқа бөленді

Теректі аудандық әкімдігінде тасқын сумен күресте белсенділік танытқан азаматтарды аудан әкімі Әлия Мұхамбетжанова қабылдады.

image-17-05-24-03-24 (3)

Биыл ауданымыздың бірқатар округтері, атап айтсақ, Аңқаты, Подстепный ауылдары қар суының шамадан тыс көп болуына байланысты суға кеткен болатын. Сондай-ақ, Ақсуат, Ақжайық, Ұзынкөл, Кемер, Ақсоғым, Шағатай ауылдары Жайық өзенінің көтерілуіне байланысты бөгет салу жұмыстарын жасады. Аталған округтерге басқа ауылдардан да қол күші қосылды. Құм қапшықтарын даярлау, гуманитарлық көмек жеткізу секілді жұмыстарға аудан азаматтары бір кісідей жұмылды. Нәзік жандылар да қалыс қалмай, жұмысшыларды ыстық тамақпен қамтып отырды. Бір айға жуық жасалған жұмыстар нәтижесінде апаттың беті қайтты. Күні -түні демей көмек көрсеткен еріктілерге аудан әкімі Әлия Биғазықызы алғысын білдірді.

image-17-05-24-03-24 (5)

- Су тасқыны кезінде бірлік танытып, жәрдем берген жерлестеріміздің еңбегі көпке үлгі. Халқымыз қашанда достық пен өзара түсіністікті, Отанға деген сүйіспеншілікті жоғары бағалаған. Ауданымызда төтенше жағдай жарияланғанда өзіңіз сынды ел патриоттары су тасқынына тосқауыл жұмыстарында аянбай еңбек етті. Ел басына күн туған сын сағатта алдыңғы шептен табылып, уақытпен санаспай, еш қиындыққа қарамай жоғары азаматтық ұстанымның үлгісін көрсеткеніңіз үшін аудан халқы атынан шынайы алғысымды білдіремін.
Деніңізге саулық, шаңырағынызға шаттық пен молшылық, еңбегінізге табыс тілеймін, — деді аудан әкімі.

image-17-05-24-03-24 (2)

Аудан басшысы ерікті түрде қызмет еткендер арасынан бірқатар жандарды алғысқа лайық көрді. Марапат алған жандардың арасында мекеме басшыларынан бөлек, еңбек адамдарының көп болғаны қуантады. Ұзын саны жетпіс үш теректілік алғысқа бөленді. Олардың қатарында көлік жүргізушілері, өзін-өзі жұмыспен қамтушылар мен жастар өкілдері бар.

image-17-05-24-03-24 (4)

Жауһар Нұрым, 

Теректі ауданы, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале