21.08.2024, 23:22
Оқылды: 169

Жетпіске келді Опаұлы!

Бүгін Теректі аудандық мәслихат төрағасы Әлжан Нұрғалиев, Теректі ауданы әкімінің орынбасары Қалаубек Теміров және «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Мирхат Ибраев 1954 жылы Подстепный ауылында өмірге келген Вячеслав Мұқашевтың 70 жас мерейтойымен құттықтап барды.

456278364_2671564116358799_6323841350966619917_n

Ол 1988 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институтын аяқтап, аудан дамуына елеулі еңбек сіңірген жан һәм «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Ардагердің шаңырағына арнайы келген «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының атқарушы хатшысының орынбасары Афиза Семғалиева да жылы лебізін білдіріп, ақжарма тілектерге қосылды. Қалаубек Баубекұлы аудан әкімі Әлия Мұханбетжанованың алғысхатын табыстап, ақсақалдың иығына шапан жапты.

456256898_2671564189692125_868443224588640149_n

- Аз да болса, еткен еңбегімді бағалап, құрмет білдіргендеріңізге алғыс айтамын. Мен ең әуелі туған топырағымның көркеюі үшін барымды салдым. Үйге келіп, мерейімді өсіріп жатқандарыңызға қуаныштымын. Ел болашағы жарқын болсын. Соңымыздан ерген жас ұрпақ елге қызмет етіп, барын салатынына сенемін,- деді қария өз сөзінде.

456384943_2671564139692130_8957498028806016276_n

Вячеслав Опаұлы әр жылдары Теректі ауданы әкімі аппараты басшысы, ауыл әкімі, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысы, партияның төрағасы қызметтерін атқарған. Бүгінде сол бейнетінің зейнетін көріп отыр. Аудан атынан келген құрамды құшақ ашып қарсы алып, құрақ ұшып шығарып салды. Осыншама еңбектің арқасында құрметке бөленіп, ісінің зая кетпегені ғанибет емес пе, шіркін!

Ақтілек Әлібекұлы,

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале