19.06.2025, 0:00
Оқылды: 136

«Жігердің» бас жүлдесі екеу

Дәулеткерей Шығайұлының 205 жылдығына арналған «Жігер» республикалық күйшілер байқауы өз мәресіне жетті.

IMG-20250618-WA0151
Үміткерлердің дайындығы мықты. Қазылар алқасына кім мықтыны анықтау оңайға түскен жоқ. Сол себепті де күй додасының бас жүлде саны еселенді. Яғни, екі бірдей бас жүлде берілді.
Дүбірлі додада сынға түскен 19 үміткердің ішінен алматылық Іңкәр Күзенбай мен оралдық Тұрлыхан Абуханов қос бірдей бас жүлдені еншіледі. Жүзден жүйрік шыққан қос өнерпаз да 650 мың теңгелік сертификатқа ие болды.

IMG-20250618-WA0152
Жүлделі екінші орын және 250 мың теңгелік сертификат алматылық Наурызбек Күзенбаев пен ақтаулық Қадырәлі Бүркітке бұйырды.
Үздік үштіктен оралдық күйшілер Әлихан Есентай, Болат Нұрбол, Әділет Жолдығали көрінді. Әрқайсысына 130 мың теңгелік сертификат табыс етілді.

IMG-20250618-WA0148
Қалған қатысушыларға да 30 мың және 50 мың теңгелік ақшалай сыйлық табысталды.

IMG-20250618-WA0149

IMG-20250618-WA0150
IMG-20250618-WA0153
Арайлым Есмағұлова
Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале