22.10.2021, 15:59
Оқылды: 56

«Жігер» коворкинг орталығының жұмысы жүйелі жүруде

Егемен еліміздің болашағын бағдарлы ету үшін мектеп оқушыларының  білімді болуы бүгінгі күннің талабы екені айдан анық. Ендеше, кемел келешектің тұтқасы кітапханамен тікелей байланысты. Еліміз тәуелсіздік алғалы бері ұлттық құндылықтармен сапасын арттырып, саналы ұрпақтың жігерін жанып, ойы озық оқырманын түрлі көркем әдеби шығармалармен сусындатып келе жатқан Подстепный ауылдық кітапханасы жанындағы «Жігер» коворкинг орталығының орны үлкен.

21

Аталмыш орталықтың қызметкерлері білімді ұрпақтың өркендеуі турасында аянбай тер төгуде. Мәселен, осындай білікті жандардың қатарында Ольга Олейник, Илмира Джаскужиева, Назгүл Рзағалиева, Ақжүніс Шошаева сияқты салиқалы, жоғары санатты кітапханашылар еңбек етуде. Айталық, Ольга Владимировна  өз ісінің білікті маманы, ауыл тарихын білетін шежіреші десек те артық айтқандық емес. Ал еңбек жолын жаңадан бастаған Ақжүніс Шошаева оқырмандардың тілін тауып, тағылымды түрлі шаралар ұйымдастырудың хас шебері.

Орталық қызметкерлері  «Мен қазақша оқимын» атты қағидамен қазақ әдебиетінің эпостық жырларын  көзі қырағы оқырманына әлеуметтік желілер арқылы және кітапхана орталығында мектеп мұғалімдерін, оқушыларды қатыстыра отырып насихаттап жүр. Осы орайда оздырылған игі шаралардың жоғары деңгейде өтуіне атсалысып жүрген кітапхана қызметкерінің бірі де бірегейі И.Джаскужиеваның атап өтуге тұрарлықтай еңбегі бар.

Жас ұрпақтың санасын ұлттық құндылықтармен өрге жетелеп, егемен елдің жас ұландарын кәсіби құзыреттіліктерге тәрбиелеуде Н.Рзағалиеваның да кітапхана ұжымы алдындағы абыройы биік мәртебелі маман.

Әрдайым жаңашыл бастамалардың бағытын бастап көрсете білетін ұжымға өзім де жиі атбасын тіреп тұрамын. Жас күнімнен кітап оқуға деген құштарлығым мені бүгінгі таңда қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі  болып, ұрпақ тәрбиесімен айналысуыма өз септегін тигізеді.  Мектеп қабырғасында өткізген әрбір сабағымның хрестоматиялық әдеби кітаптарын «Жігер» коворкинг кітапхана қызметкерлерімен бірлесіп оқушыларға оқытып келемін. Әдістемелік нұсқаулығымдағы көркем әдеби кітаптар мен хрестоматиялық оқулығындағы терең ізденіс материалдарын оқушыларға кезек күттірмей тауып беретін осындай кітапханашылардың тынымсыз еңбектерін айтқым келеді. Әлеуметтік желі жайлаған бүгінгі қоғамды өзіндік қызықты кітап оқыту әдіс-тәсілдерімен, жүйелі жоспарларымен қызықтыра білетін кітапхана қызметкерлері өз оқырмандарына заманауи электронды оқулық түрлерін де ұтымды ұсынып жүр.

Нұргүл Асқарова,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале