Таңертеңгілік атшабар алаңында өткен шын мықтыны анықтайтын «Жігіт сұлтаны-2023» байқауы аудандық мәдени демалыс орталығында жалғасын табуда.
Ендігі кезекте үміткерлер байқаудың ІІІ кезең «Қазақтың баласымын тегі бүтін», ІV кезең «Жігітке аз болады жеті өнер», V кезең «Жігіттер бар асыл сөзді...» бойынша сыналуда. Аталған бөлімдерге сай қатысушылар өздерінің туып өскен жерін, өскен ортасын бейнебаян арқылы таныстырып, мәнерлеп оқыды. Тұла бойындағы өнерлерін көрсетіп жарысты. Бірі ән айтса, бірі аспапта ойнап таңғалдырды. Қойылым да қойылды. Сондай-ақ нарқасқа жігіттер билет суыру арқылы ұлттық салт-дәстүр және ел, аудан тарихы бойынша қойылған сұрақтарға жауап берді. Бірінен бірі оқ бойы оза шапқан талантты, өнерлі жігіттер сайысқан бұл сайыста көрермендер тарапынан да қолдау жоғары болды.
Н.Елтайқызы
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz