14.10.2022, 9:32
Оқылды: 30

Жігіттер жарады

Жуырда Тасқала ауданы орталығында жеңіл атлетикадан аудандық біріншілік ұйымдастырылды. Оған 35 жасқа дейінгі жастар мен 35 жастан жоғары ересектер қатысып, өздерінің бақтарын сынап көрді.

IMG-20221014-WA0004

Аталған жарыс барысында граната лақтыру, 100 метр қашықтық, күштік гимнастика және ұзындыққа секіруден сайысқа түскен жігіттер өздерінің мықты екенін тағы бір дәлелдеді. Атап айтсақ, 35 жасқа дейінгі ұзындыққа секіруден Бейбарыс Хасымов, граната лақтырудан Қуаныш Сырым, күштік гимнастикадан Нұржан Ахметқалиев, 100 метрге жүгіруден Қуаныш Сырым жеңімпаз атанса, 35 жастан жоғары ересектер арасынан ұзындыққа секіру және жүз метрге жүгіруден Жасұлан Мұқашев, күштік гимнастикадан Алмас Туркаев, граната лақтырудан Рустам Ерболатов иеленіп, бас жүлдеге ие болды.

Әсет Баян,

Тасқала ауданы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале