8.03.2023, 21:53
Оқылды: 69

Жігіттік жолдан таймаған Таймас

Бүгін - халықаралық әйелдер күні. Ер азаматтар дүкендерден гүл, торт таңдап әбігер.

IMG-20230307-WA0063

Бұл мереке Сырым ауданы, Елтай ауылдық округіндегі Тасқұдық негізгі мектебінің мектепалды даярлық сыныбының оқушысы Таймас Сатымұлы үшін сын болды. Сыныбында  6 оқушы бар. Оның 5 - еуі қыз бала. Арадағы жалғыз жігіт - өзі.

Таймас жолынан жығылған жоқ. Кеше жалғыз өзі 6 шоқ гүл алып, мектепке барды. Сыныбындағы 5 сұлу мен мұғалімін мейраммен құттықтап, әрқайсысына гүл сыйлады. Тамаша сәттің бейнеүзіндісін әкесі Сатым Қажгереев әлеуметтік желіге жариялады.
Сыныптас қыздар оның жігіттігіне риза.
Ал, біздің батыр болса қыздар жігіттерге сыйлық жасайтын 7 мамыр - Отан қорғаушылар күнін асыға күтіп жүр.

Бауыржан Ширмединұлы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале