17.11.2022, 15:45
Оқылды: 40

Жігіттің бәрі Жандостай болса...

Газетті - есеп үшін, яғни жасаған жұмысы жайлы ақпарат шығару үшін ғана керек деп есептейтіндер бар. Ал Жандос Сайфуллин секілді сауат - санасы бөлек жігіттер әр газетті - өз өңірінің бренді деп санайды әрі басылымды қолдауды азаматтық парыз деп түсінеді.

IMG-20221117-WA0018

2023 жылдың алғашқы жартыжылдығы үшін мерзімді баспасөз беттеріне жазылу жүріп жатқан уақытта өлеңтілік азамат өзінің қарашаңырағымен қоса, 6 ауылдасын "Сырым елі" газетіне жаздырды.

Жандос Сайфуллин қазір Алматы қаласында тұрады. Жиһаз өндірісімен айналысатын кәсіпкер азамат қайырымдылық шаралардан тартынып көрген емес. Ол жақында электр трансформаторына соғылып, қос қолынан айырылған жаңақалалық бүлдіршіннің ем алу сапарына да үлесін қосты. Жігіттің бәрі Жандостай болса!

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале