Президентіміз "Аnа tіlі" газетіне берген сұхбатында мемлекет тұрғын үй құрылысы саласын одан әрі дамыту, баспаналарды қолжетімді ете түсу үшін шаралар қабылдайтынын айтты.
Кезекте тұрған азаматтарды жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін тиісті жұмыс жалғасатынын, 2029 жылға дейін жыл сайын 10 мың адам осындай баспанаға ие болады деп жоспарланғанын мәлімдеді. Осынау игілікті іске атсалысып жүрген мекеменің басшысы ретінде Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бұл сұхбатын оқып қуанып қалғанымыз рас. Біздің құрылыс компаниясы биыл Бәйтерек ауданының үш ауылында кезекте тұрған тұрғындар үшін жаңадан үйлер салды. Мәселен, Құрманғазы ауылында 8 пәтерлі төрт үй, Чировта 10 пәтерлі 5 үй, Январцев ауылдық округына қарасты Кирсанов ауылында 8 пәтерлі төрт үй бойкөтеріп, таяуда жиырмадан аса отбасы қоныс тойын тойлады.
Мемлекет басшысы сондай-ақ көктемгі су тасқынының салдарын жоюға бизнес өкілдері де елеулі үлес қосқанын баянды. Біз де өз тарапымыздан көмек көрсеттік. Бәйтеректен бөлек, Қаратөбе ауданына да барып, онда жаңадан үй салуға атсалыстық.
Жалпы өткен 2024 жыл жаман болған жоқ. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы атап өткендей, былтыр көптеген маңызды оқиға болды, қыруар жұмыс атқарылды. Құрылғанына үш-төрт жыл болған біздің компаниямыздың да солардың белортасында жүріп, ізгі істерге атсалысқанымызға қуаныштымыз. Жаңа басталып жатқан 2025 жыл еліміз үшін берекелі, жақсы да жағымды оқиғаларға толы болады деп ойлаймын.
Рахим МАМЕДОВ,
«ЖБК» құрылыс компаниясының басшысы,
Бәйтерек ауданы