9.12.2025, 23:00
Оқылды: 7

Жол-көлік оқиғалары азаймай тұр

Елімізде өкінішке орай жол-көлік оқиғасы күн санап жиілемесе, азаймай тұр. Және оның салдарынан қаза тапқандардың басым бөлігі – жұмысқа қабілетті жастағылар.

жол (2)

Статистикалық деректерге сүйенсек, әлем бойынша жылына көлік апатының салдарынан шамамен алғанда 1 миллион 350 мың адам көз жұмса, ал әуе апатынан 1 мыңы бақилық болады. Оның ішінде қаншама сәби балалар, қарттар барын шамалай беріңіз. Ресми деректерге сүйенсек, Қазақстанда Норвегиямен салыстырғанда жол апаты кезінде қаза табу қатері 11 есеге жоғары. Бұл туралы Дүниежүзілік зерттеулерде де айтылған. Қала берді өткен айда өз облыс аймағымызда болған, нақтырақ айтсақ облыстық маңызы бар Чапай - Жаңақала - Сайқын тасжолының 50-шақырымында Toyota Camry және Volkswagen Sharan көліктері соқтығысып, көліктердің бірі өртеніп кеткендігі, оқиға орнында сегіз адам қаза тауып, зардап шеккен төрт адам ауруханаға жеткізілді дегеннен хабардармыз. Әрине, жүрек ауырады. Өте өкінішті. Мұны жол ережесін өрескел бұзатын көлік жүргізушісінің жүгенсіздігі дейміз бе жоқ әлде жолдың сапасы сын көтермейді дейміз бе?Не десеңіз де көлік оқиғасы азаймай тұр.
Жалпы жол көлік оқиғасының жиі орын алу себебі біріншіден, жүргізушілер тарапынан жылдамдық нормасын дұрыс сақтамау десеку, екіншіден, жолдар жүретін көліктер санымен сәйкес келмеуінде дейміз. Осындай жағдайда машиналар бір-бірін басып озамын деп, қарсы жолаққа шығып кетеді. Сондай-ақ жол белгілерінің дұрыс қойылмауы, жолдарда ұсақ және ірі қара малдардың шығып қалуы, жаяу жүргіншілердің тиісті жолақтармен өтпеу мәселесі тағысын тағы, әйтеуір осының бәрі жол-көлік оқиғасына әкеліп соғады. Осылайша біз еліміздігі, әлемдегі жол-көлік оқиғаларын ресми деректерге сүйеніп, шолу жасадық. Енді аудан төңірегіне ойысайық.​​​​​
Аудандағы ахуал қандай?
АПб-нің Жергілікті полиция қызметімен Бөрлі ауданы көлемінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу барысында біршама профилактикалық жұмыстар атқарылып жатыр.
Жол апатының алдын алуға бағытталған «Абайлаңыз балалар!», «Жол ережелерін есте сақта!», «Қауіпсіз жол», «Түнгі қала», «Қауіпсіз аула», кең көлемді жедел-профилактикалық жұмыстары атқарылса, қазіргі таңда «Қауіпті жүргізуші» жедел-профилактикалық шарасы өтуде. Мұнан бөлек, әр аптаның жұма,сенбі, жексенбі күндері елді мекендер мен аудан орталығында қоғамдық орындар мен көшелерде қылмыстың орын алуына жол бермеу, сондай-ақ жол апатының алдын алу мақсатында, бөлім қызметкерлерімен күшейтілген жұмыс түріне көшіріліп, басқа қызмет салаларын қоса отырып, қысқа мерзімді жедел-профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылуда. Апта соңында жүргізілген «Қауіпті жүргізуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы бойынша 62 құқық бұзушылық тіркелген.
Бөрлі аудандық әкімшілік полиция бөлімінің бастығы Ербол Кареновтың айтуынша биыл аудан аумағында 29 жол-көлік оқиғасы (Бұдан әрі ЖКО) тіркеліп, 48 адам әртүрлі дене жарақаттарын алған. Қаза болғандар жоқ. Ал өткен жылы 26 ЖКО тіркеліп, 12 адам көз жұмған. Сондай-ақ олар ЖКО-на қараусыз жүрген малдардың да кедергі келтіретіндігін, аудан аумағанда қараусыз жүрген малдың кесірінен ЖКО болдырмау мақсатында рейдтік іс-шаралар жүргізіліп, қараусыз малды айыппұл тұрағына қамап, иелері табылған тұрғындарға ҚР әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 408 бабымен әкімшілік жауапкершілікке таптылып, 296 хаттама толтырып, айыппұл салғандарын айтып өтті. Осы жылы ауылшаруашылығы жануарларының кесірімен болған 17 ЖКО, (2024 ж-21) адам шығынымен 1 ЖКО Бөрлі-Ақсай тас жолының 14 шақырымында тіркелген. Ал ҚР ӘҚБтУ 406 бабы бойынша 43 факт анықталып, аудандық ветеринарлық станциясына жауапкершілікке тарту үшін жолданған.
Сондай-ақ АПб аудан тұрғындарына қараша айының соңына қарай елімізде жылдамдықты шектеу, тоқтату ережелері және патрульдік қызметке қатысты жол қозғалысы ережелеріне өзгерістер күшіне енгенін жеткізді.
Жол қозғалысы ережелеріне өзгерістер енді. Жүргізушілерге нені білу керек?

Жүк көліктері

Елдімекендерде жүк көліктерінің жылдамдығы сағатына 50 шақырымға дейін шектелді. Бұл шектеу жол белгілерімен нақты жылдамдық көрсетілген учаскелерге қолданылмайды (мысалы 80-90 шақ/сағ). БҰҰ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәліметінше, жылдамдық 60-65 шақ/сағ болғанда жаяу жүргіншінің қаза болу ықтималдығы 50 шақ/сағ-пен салыстырғанда 4,5 есеге жоғары.
Колонналарға қатысты
Боран, тұман, қар, жаңбыр кезінде жол апаттарының алдын алу мақсатында патрульдік көлік ілесіп жүретін колонналарға қатысты талаптар да жаңартылды: колонна ішінде маневр жасауға, басып озуға немесе өздігінен тоқтауға тыйым салынады; көлік тізбегіндегі көлік саны 10-нан асса, екі патрульдік көлік ілесіп жүру міндетті.
Автобустар
М2 және М3 санатындағы барлық автобусқа жолаушыларды отырғызу және түсіру үшін аялдамаларда тоқтауға рұқсат етілді.
Маяк қолдану бойынша
Ірі көлемді және қауіпті жүктерді, велосипедшілерді, сондай-ақ, балаларды тасымалдайтын автобустарды алып жүру кезінде жылдам алынатын бекітпесі бар, қызғылт сары немесе сары түсті құралдарды рұқсатсыз қолдануға болады. Бұған дейін мұндай маяктарды пайдалану үшін рұқсат құжаттарын алу, қайта жабдықтау рәсімінен өту және техникалық куәлікке белгі енгізу талап етілетін.
Сондай-ақ, жол парағын электрон түрде қолдануға рұқсат берілді.
"Құрметті жол қозғалысына қатысушылар! Жаңартылған талаптарды үнемі қарап, жол ережелерін сақтауды сұраймыз. Бұл – әр жүргізушінің міндеті. Өзіңізге және жақындарыңызға қамқор болыңыз!" – деп АПБ үндеу жасады.

Түйін

Ересектердің барлығы көлік тізгіндеген заман. "Сақтансаң сақтаймын" дейді. Көлік жүргізушісі тек өзінің ғана өмірін емес, көлік ішіндегі адамның қауіпсіздігі үшін де жауапты екенін әсте ұмытпағаны абзал деуден біз де танбаймыз!

Сәнім Меңдібай
Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале