24.11.2025, 22:00
Оқылды: 67

Жол құрылысы – басты назарда

Бөкей ордасы ауданы әкімі Нұрлыбек Даумов және орынбасары Азамат Мұхамбетжанов Бисен, Орда, Мұратсай округтеріндегі тас жол құрылысының барысымен танысты.

IMG-20251124-WA0065

Өз іссапарын Бисен ауылынан бастаған Нұрлыбек Жасқайратұлы ішкі жолдың құрылысымен қатар жаңадан салынып жатырған өрт сөндіру бекетінің құрылысымен танысты. Өткен аптада құрылысқа жауапты Сағындық Сәрсенғалиев нысанының тек іргетасын тұрғызса, бүгінде төрт қабырғасын көтеріп ғимараттың төбесін жабу жұмыстарына кірісіпті. Кәсіпкердің бұл белсенділігі еленбей қалмады. Аудан әкімі алғысын айтып, сәттілік тіледі.

IMG-20251124-WA0074
Өз мәресіне жете келген нысандардың бірі - Мұратсай ауылының 18 км кірме жолы. Тас жол құрылысын жүргізіп жатырған «Темір Жол Жөндеу» ЖШС уәкілдерінің айтуынша құрылыс жұмыстары бірер күнде өз мәресіне жетпек. Қазіргі таңда тас жолының 1,5 шақырымына соңғы қабат төсеу жұмыстары қалып тұр.

IMG-20251124-WA0071
Ал, ханордалықтар үшін жақсы жаңалық бар. Мысалыға, 21 шақырым кірме жол құрылысының бүгін соңғы метрі қалса, бір-екі күнде ауылдың ішкі жолын төсеп жатырған «Уясу ЛТД» компаниясы тағы екі көшеге асфальт төсеу жұмыстарын бастамақ.

IMG-20251124-WA0074
Сонымен қатар, Жәрмеңке елді мекеніне алып барар уақытша жол құрылысы да өз мәресіне жеткен. Бұл ақпаратпен құрылысқа жауапты мердігер бөлісті.

Еркебұлан Рахметолла
Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале