25.02.2022, 10:00
Оқылды: 40

Жол құрылысымен танысты

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мәлік Құлшар Бөкей ордасы ауданына келген жұмыс сапары барысында  «Сайқын-Өнеге-Бисен» республикалық жолының 93 шақырымында «Ақжол құрылысы» ЖШС жолдың салынуы бойынша құрылыс жұмыстарымен танысты.

FB_IMG_1645764011685

Құрылысқа жауапты мамандар өз жұмыстарында туындаған мәселелерді депутат назарына ұсынды.

Жол құрылысының қарқын алмауына материал тасымалы кедергі келтіріп отыр екен. Естеріңізге сала кетсек, құрылыс материалдары Ресей арқылы теміржолмен тасымалданады.

- Бастапқыда қарқынды тасымалданған еді. Соңына қарай саябырсып қалды. Оның үстіне тасымалдау бағасы өсті. Вагон да тапшы. Тасымалданатын жүктің де лимиті белгіленген. Лимит түгесілген соң тасымалдану да тоқтайды, - дейді жол мамандары.

Ұлпан Әнуарқызы,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале