9.05.2022, 21:50
Оқылды: 39

Жол құрылысында "тірлік" бар

Бөкей ордасы аудандық мәслихатының хатшысы Лариса Қайырғалиева, "AMANAT" партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Исатай Құрмашев жол құрылысы жүріп жатқан учаскеде болып, атқарылып жатқан жұмыс барысымен танысты.

B704E6C2-D4DA-49B1-A4B4-F5BC07D1D8F4

- Кеше 300 м, бүгін 600 метр жерді дайындап, құмды- қиыршық қоспасын құюдамыз. Сосын қосымша қабат, яғни қиыршық тас төселіп, 10-15 күнде асфальт жабынын төсейміз деген жоспар бар. Неғұрлым көп жерді дайындап алсақ, асфальт төсеу жұмысы да соғұрлым өнімді болады. Кем дегенде алты шақырым жолды дайындап алсақ, асфальтты-цемент зауыты іске қосылады. Бұл жоспарымыз біріншіден жол құрылысы материалдарының жеткізілуіне, екіншіден ауа райына байланысты. Қазіргі таңда құрылыс материалдарының тасымалы да қарқын алды, - дейді "Ақжолқұрылыс"  ЖШС прорабы Саналы Еділханов.

E08188F8-C008-4016-86A5-237C0411983F

Оның айтуынша, ауыл тұрғындарын көптеп жұмысқа тартылған. Он бес күн жасап, кем дегенде 100 мың теңгеден кем емес ақша алады екен.

Анар Артықбай,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале