16.05.2023, 21:37
Оқылды: 51

Жол мәселесінде жылжу бар

Аудан әкімі Төлеген Төреғалиевтің  халықпен кездесуі Жетікөл ауылдық округінде жалғасты.  Ауылдық округ әкімі Айболат Нұрмұханов өткен кездесу жиындарында көтерілген ұсыныстар мен мәселелердің орындалуы жөнінде мәлімдеді.

Жетікөл 6

Айболат Сақтағанұлының айтуынша,   ауыз су 2022 жылы 3,4 млн. теңгеге Боқай қыстағы су нүктесінен қосымша 1-құдық қазылып, ауыз су желісіне жалғанған болатын.  Мамыр айының басында су насостары судың тапшы болу себебті істен шығып, ауыл кәсіпкерлерінің демеушілігімен 2 насос сатып алынды, қазіргі таңда біреуі ұңғымаға қойылды.

Шағырлой-Қосарал елді мекен аралығындағы жолға ЖСҚ жасақтау үшін  ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі тарапынан конкурс өткізіліп, жобалық-сметалық құжатты жасақтаушы мердігер анықталып, жұмысына кірісті. Округте 30 қожалық, 2 ЖШС,  1 тұтынушылар кооперативі тіркеліп тұр, олар негізінен мал өсіріп, мал азығын дайындаумен айналысады.

Жетікөл 5

Жылбасындағы есеп бойынша  ірі қара мал басы саны 5612  бас, соның ішінде  аналық сиыр  3072 бас, қой мен ешкі  12407, жылқы  3296 бас, үй құстары 1105 болып есептеліп отыр.  

Округте шағын және орта бизнестің дамуына толық жағдай жасалған. Үстіміздегі жылы округ бойынша 4 адам грант алып сүтті сиырлар және қой малын, құс алды.

Ағымдағы жылдың сәуір айында Сырым орта мектебіне балалар тасымалдайтын жаңа автобус берілді.

Ауылдағы шешімін таппай тұрған мәселе –  электр желілеріне күрделі жөндеу жүргізілмеуі, соның салдарынан жарықтың жиі сөнуі.  Ағоба, Қарақұдық, Жетікөл елді мекендерінде  ауа райының қолайсыз кездерінде жарық мәселесі қиын болып тұр.

Жетікөл

Қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын жинақтау жұмыстарына биыл жалғастыруға 800 000 теңге бөлініп, мердігер мамыр-маусым айларында жұмыстанатын болады. Қоршау жұмыстарына 400 000 теңге қарастырылды. Сұйық қалдықтар төгу полигонына мемлекеттік жер актісі жасақталды, сметалық құжаттама дайындалды.

Аудандық мәлихат депутаты Айдархан Рамазанов жол, су, тұрмыстық қалдықтар мәселесін көтерді. Ауылдастарын тазалықты сақтауға шақырды, ауылға электр монтері қажеттігін, электр маманымен Қосарал ауылымен қатар Жетікөл елді мекенін де қамтуды, жұмыссыз жастарды тарту керектігін айтты.  Ауыл тұрғындары қайтарымсыз грант алуға көмек сұрады, полигон мәселесін көтерді.

Жетікөл 4

Төлеген Төреғалиев  электр монтері мәселесі шешілетінін мәлімдеді. Шағырлой- Қосарал жолын жөндеу үшін бюджеттен қаражат бөлініп, жобалау жұмыстары басталды.

Аудан әкімі ауыл тұрғындарына қайтарымсыз грант, «Ауыл аманаты» жобасы бойынша 2,5 пайыздық несие алу жолдарын түсіндірді.  Ауыз су мәселесіне қатысты үш ұңғыма қазылып, биыл төртінші ұңғыма қазылатын болады.

Жетікөл 3

Кездесуден кейін аудан әкімі ауыл тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізді.

Жетікөл 2

Шынар Молданиязова,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале