Қазталов ауданында биылғы жылы қар өте қалың түсуде. Күн сайын емес, арасына 2-3 күн салып, «Кәрі құда» өзінің күшінде екенін атқарушы органдардың «есіне» салып қоюды ұмытып жатқан жоқ. Яғни 2-3 күн сайын боран болып, аршыған жолдарды бітеп тастауда. Бірақ «Кәрі құданың» ығына жығылып, қол қусырып жатқан ешкім жоқ. Күн сайын жолшылар жолды тазартып, жүргізушілердің жолда қалмауына барлық жағдайды жасауда.
Бүгін «ҚазАвтоЖол» мекемесі күре жолдың бойын қардан тазалауда.
Жұлдыз Асқар