Теректі ауданында новопавловтықтар күре жолдан ауылға дейінгі 15 шақырым жердің азабын тартып жүргендеріне біраз болған-ды. Енді ол қиындықтар ұмытылар күн де алыс емес.
- Жарияланған мемлекеттік сатып алу конкурсы нәтижесінде «ДСК Приоритет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Новопавлов ауылына кірер жолды орташа жөндеуге мердігер болып белгіленді. Бұл бағытта тәжірибе жинақтаған осы кәсіпорынның директоры Жанна Кенжина: «Егер ауа райы қолайлы болып жатса, жұмысты жоспардағыдай мамыр айында емес, ертерек бастамақ ниеттеміз. Әрі жұмысты ұзаққа созбай, сапалы да тез жөндеуге тырысамыз» деп отыр, - дейді тапсырыс беруші Теректі аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысы Аслан Даубаев.
Новопавловтықтар үшін тағы бір қуанышты хабар жетті. Олар ауыз судың қымбаттығын айтып жүргендеріне біраз болған еді. Бұл мәселе де оң шешімін тауыпты. Нақтырақ айтсақ, мемлекет тарапынан бөлінген субсидия арқасында енді бұл ауылдағылар 1 текше метр суға бұрынғыдай 200 теңге емес, не бәрі 40 теңге төлейтін көрінеді.
Камелия Өтеу
Теректі ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер